Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам институтында 35 имам білімін жетілдірді

muftyat.kz 21.10.2024 1576 0 пікір
Ислам институтында 35 имам білімін жетілдірді

Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында қыркүйек-қазан айларында білім алған 35 имамға куәлік табысталды.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы әр аймағынан келген имамдарға елімізге, дінімізге Алла разылығы үшін қызмет етудің маңызы туралы насихат айтты.

Институт директоры Серікбай Сатыбалдыұлының айтуынша, бағдарламаға сәйкес имамдар Құран, фиқһ, ақида және басқа да пәндер бойынша дәріс алып, Алматы мешіттерінде жұма намазын өткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру