Қостанай облысына қарасты Қарабалық ауданындағы Бозкөл ауылында былтыр қазығы қағылған мешіттің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Осы елді мекеннің тумасы, бұл күндері Астана қаласында тұратын Бақытжан Қасымұлы Ертаев аталмыш имандылық ордасын өз қаржысына салдырып, жерлестерін үлкен қуанышқа бөледі. Аталған мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне облыстың бас имамы Бектұрсын Уәлиев қатысып, бозкөлдіктерді шын жүректен құттықтады. Демеушілік жасаған Бақытжан Қасымұлының иығына шапанжауып, Алғыс хатпен марапаттады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
15.10.2024
1601
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру