Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Бас имам кәсіпкерлермен кездесті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 15.10.2024 1109 0 пікір
Ақтөбе: Бас имам кәсіпкерлермен кездесті

Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында кәсіпкерлер, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесі мен облыстағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, имам, молдалармен кездесті.

Кездесу барысында бас имам алғысөз сөйлеп, Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы мен «Уақып» қорының жұмыс барысына тоқталып, жандандыру жұмыстарын айтты.

«Ислам діні, жалпы шариғатымыз жақсылық жасауға бұйыра отырып, адам баласын екі дүниеде де бақытты болуға жол сілтейді», - деді Амантай Садиев.

Сонымен қатар бас имам жергілікті мұсылмандардың жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру үшін жасалатын маңызды бағыт-бағдар берді. Атап айтар болсақ, хәл үстінде жатқан адамның жаны алқымға келген сәттен діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғат шарттары бойынша қандай болу керектігіне дейін егжей-тегжейлі баяндап түсіндірді.

Діни басқарманың тағы бір мақсаты – ас беру кезінде ысырапқа жол бермеу, ас беру әдебін қалыптастыру екенін алға тартып, қайтқан кісіге зират тұрғызу, кесене салу және марқұмдарға зиярат жасаудың жалпыға ортақ бірыңғай мәдениеті бар екенін жеткізді.

Сонымен бірге «Уақып» қоры туралы баяндап өтті. Оның қоғамдағы маңыздылығын айтты. Қайырымды қоғам – қуатты қоғам екендігін қағида ретінде алсақ деп кәсіпкерлерге үндеу жасады.

Басқосуда ақсақалдар мен кәсіпкерлер бас имамды қолдайтындығын айтты. Игі жиында дін мен дәстүр сабақтастығы дәріптеліп, жыр-терме айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру