Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 30 отбасыға «Мәуліт қоржыны» табысталды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 15.10.2024 1238 0 пікір
Шымкент: 30 отбасыға «Мәуліт қоржыны» табысталды

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен өткен «Мінсіз Мұхаммед ﷺ» рухани шарасы аясында шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы 30 отбасыға азық-түлік салынған «Мәуліт қоржынын» табыстады. 

Рухани шараға , қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, наиб имам Ахметжан Керімбек қатысып, рухани мерекемен құттықтады.

Айта кетсек, қайырымдылық шарасы әрі қарай мәуліт рухани кешіне ұласты. Биылғы жылғы Мәуліт мерекесі ерекше ұймдастырылды. Түрлі саланың қызметкерлері мен еңбек адамдары қатыстырылып, «Әсем» салтанат сарайында мерекелік дастархан жайылды. Барлық қатысушыларға сый-сияпат үлестірілді. Рухани кеште Мәуліт жыры, терме һәм арнау оқылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру