ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі мен қалалық «Құран» секторының ұйытқы болуымен «Құран және тәжуид қағидалары» атты мешіт имамдарының кәсіби білімін арттыруға бағытталған сынақ алу шарасы ұйымдастырылды.
Тұңғыш рет ұйымдастырылған шараны шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров және ақсақал имам Бекайдар Әміре, қалалық Құран секторының жетекшісі Ерман Бекбауов сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Игі шарада Шымкент орталық мешітінің ұстазы Нұрсұлтан қари Мамедалиев, «Сейтжан қари» мешітінің ұстаздары Мейірбек қари Сәрсенбаев, 10 қырағат дәрежесінің иегері Шоқан Уалиев және «Әл Біләл» мешітінің ұстазы Әбдісамат Әшімжан қарилар сынақ алып, төрелік етті.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру