Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: Салттық қызметті цифрландыру жөнінде семинар өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 11.10.2024 711 0 пікір
Алматы облысы: Салттық қызметті цифрландыру жөнінде семинар өтті

ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысын жетілдіру бойынша Алматы облысы бойынша имамдарға семинар өтті.

Семинарда Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT» ЖШС салттық қызмет орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, «SHARAPAT DIGITAL» ЖШС директоры Еркін Мұратұлы, Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке және «Қонаев қаласы ТҮКШ және ТҮИ бөлімі» ММ басшысының орынбасары Ертай Қыдыралиұлы қатысып, сөз сөйледі. 

Семинарда ел аумағындағы зираттарды цифрландыру, жерлеу қызметін заманға сай электронды түрде халыққа ұсынуды  дамыту мәселелері айтылды. Алматы облысы аумағындағы зираттарды цифрландыру жұмыстары түсіндірілді. Семинарға Алматы облысы бойынша 60-қа жуық дін қызметкерлері қатысып, заман талабына сай жерлеу рәсімдерін өткізу бойынша тың мәліметтер алды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру