Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы арнайы іссапармен Қостанай облысына барды.
Ғұламалар кеңесінің мүшесі Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінің жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат айтты. Облыс бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жамағат атынан Сансызбай Құрбанұлына алғысын білдірді
Сонымен бірге сапар барысында наиб мүфти көрнекті дін қайраткері Сатыбалды ишан жерленген зиратқа барып, марқұмдардың рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Халқымыздың ардақты ұлдары Сатыбалды ишан, Файзолла қари және де Омар халпенің халқына сіңірген еңбегі және өмірбаянымен танысты.
Бұдан кейін Сансызбай Құрбанұлы Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жамағатқа уағыз айтып, жұмыс сапарын қорытындылады.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
10.10.2024
1733
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру