Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бүлдіршіндерге мерекелік шара ұйымдастырылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 10.10.2024 372 0 пікір
Маңғыстау: Бүлдіршіндерге мерекелік шара ұйымдастырылды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті мен мешіт жамағатының ұйытқы болуымен «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы»мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленіп жатқан балаларға «Мейірімділік – жүректен» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Алла Тағалаға жақындататын үлкен әрі ізгі амалдардың бірі – жетімге қарайласу, оны жебеу. Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жетімдерге қатысты айтылған хадистері мен халқымыздың «жетім көрсең, жебей жүр» нақылын ту еткен дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты табиғат аясына қазақы үй тігіп,балалар ойнайтын батут орнатып,аниматорлар балаларға түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырып, атқа мініп серуендеп,садақ атудан бақ сынады.Мерекелік шара  барысында ақ дастархан жайылып,бүлдіршіндерге тәттілер мен сыйлықтар үлестірілді.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ ұжымына сауапты қызметі үшін алғысын жеткізіп, ізгі ниетін білдірді.

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында өткен игі шараға демеушілік білдірген жанашыр азаматтарға Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің атынан өз алғысымызды білдіреміз!

  

 

  

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру