Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Тәлімі мол Мәуліт айы» рухани кеші өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 10.10.2024 1425 0 пікір
Ақтөбе: «Тәлімі мол Мәуліт айы» рухани кеші өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Тәлімі мол Мәуліт айы» рухани кеші өтті. 

«Zhazira Hall» мейрамханасында өткен Мәуліт айының қортындылау кешіне қала тұрғындарымен қатар Хромтау мен Ембі қаласынан, сондай-ақ аудандардан 200-ден астам қыз-келіншек қатысты.

Игі шараның шымылдығы  сектор жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен Зейнеп қари Ералиеваның Мәуліт жырын оқып және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құран хатым бағыштаумен  ашылды.

Сонымен қатар қонақтардың дастарханына арнайы Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйген астар қойылды. Одан өзге ғибратты көріністермен илләһи жырлармен жалғасын тапты.

Ізгілікке жол бастар кеште Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев Мәуліт мерекесімен құттықтап, ардақты Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туылған айдың қадір-қасиеті мен мән-мағынасын кеңінен ашып, насихат айтты. Ал мешіт ұстаздарын қасиетті аймен қатар келген Ұстаздар күнімен құттықтай келе, сыйлық беріп, алғыс хат табыстады. «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттері жиналған қауымға илләһи ән тарту етіп, «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірттері «Пайғамбарға арнау» айтты.

«Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланы ұлықтаудың бір түрі – шашы ағарған мұсылманға құрмет көрсету» хадисін негізге алып, қарттардың діндегі орнын атап өтті. «Бақытжан» мешітінің атынан рухани кешке келген ақ жаулықты әжелерге  шәкірттер сыйлық сыйлады. Дін мен дәстүр сабақтастығын көрсеткен рухани кеште «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірті Қанатқызы Әмина «Қысыр ешкінің сүт беруі» шығармасын орындады.

«Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, қонағын құрметтесін» деген ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  өсиетін амал етіп, қалалық әйелдер сауат ашу орталығының ұстазы Назерке Айбекқызы мен «Әзіреті Біләл» мешітінің ұстазы Жазира Айбекқызы шәкірттерімен бірге алыстан ат арытып келген қонақтарға кәде-сыйлар таратты.

Шара барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.  Рухани кешке келген қонақтардың ішінен суырылып шығып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  деген сағынышын жыр шумақтарымен жеткізді. Рухани кештің маңыздылығы туралы облыстың бас имамы, ал кештен алған әсерлері туралы көрермен «Мұнара» теларнасына сұхбат берді.

Сектор жетекшісі кешті қортындылап, шараға атсалысқан ұстаздарға, «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірттері мен «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттеріне  рахмет айтып, сыйлықтар тарту етті. Мерекеге келген әжелер батасын беріп, алғыс айтып,  жамағат разы болған күйде қимастық сезіммен тарасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру