Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Салттық қызметті цифрландыру жұмыстары жайлы семинар

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 09.10.2024 470 0 пікір
Жетісу: Салттық қызметті цифрландыру жұмыстары жайлы семинар

Жетісу облысы Талдықорған қаласында ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы қызметін цифрланлыруға арналған семинар болып өтті.

Жиынға ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Рсымов Мейрамбек Қабылбекұлы және «Шарапат Дижитал» ЖШС директоры Еркін Мұратұлы, Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы, сондай-ақ жергілікті билік өкілдерінен облыстық Дін істері басқарма басшысы Сағыныш Асқарұлы, Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нариман Естібайұлы, қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары, Еркін және Еңбек ауылының әкім орынбасарлары, орталық ісіне жауапты аудан-қала мамандары, аудан-қаланың бас имамдары, ұстаз-молдалары қатыcты.

Алдымен Мейрамбек Қабылбекұлы жалпы орталықтың жұмыстарын таныстырып өтсе, Еркін Мұратұлы зират басындағы цифрландыру жұмыстары жайлы түсіндіріп берді. Облыстық Дін істері басқарма басшысы Сағыныш Асқарұлы зират және зиярат, ас беру мәдениеті құжаттарын қолдайтындығын білдіртіп, салттық қызметтердің бірізділікке түсу бойынша өзінің пікірлері және ұсыныстарын бөлісті.

Шараның жалғасы қала маңындағы зиратқа зиярат етумен жалғасты. Зират басында Құран бағышталып, цифрландыру жұмыстарының алғашқы тәжірибелік жұмыстары басталып кетті.

Іс-шара облыстық «Жетісу» телеарнасында Мейрамбек Қабылбекұлының сұқбат беруі және телекөрермендердің сұрақтарына жауап беруімен де жалғасты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру