Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шетелдік дін сарапшылары студенттерге дәріс оқыды

muftyat.kz 08.10.2024 1636 0 пікір
Шетелдік дін сарапшылары студенттерге дәріс оқыды

Астанада қаласында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен Нәрікбаев Университеті студенттері, магистранттар мен оқытушылар құрамына шетелден арнайы шақырылған сарапшылардың дәрісі өтті.

«Әлемнің тұрақты дамуындағы діни лидерлер саяси қайраткерлердің рөлі» тақырыбында өткен дәрісте Ватиканның Дінаралық диалог дикастериясы Ислам істері бойынша бюросының басшысы, монсеньор Халед Акаше мен Исламабад халықаралық ислам университеті Исламды ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия-уль-Хак (Пәкістан) бірнеше мәселеге кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, дін және адам құқығы – діни нанымдардың халықаралық құқықтық нормаларға әсері, діни лидерлердің рухани дипломатия арқылы халықаралық диалог пен жаһандық мәселелерге қосатын үлесі, халықаралық қақтығыстар және діннің рөлі – халықаралық қатынастарға әсері және оларды шешу, Исламдық құқықтық нормалар мен әлемдік құқықтық стандарттар арасындағы өзара әрекеттестік жөнінде ашық пікір қозғады.

Сонымен қатар студенттер, магистранттар мен оқытушыларға бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың маңыздылығы және әркімнің де оған үлес қоса алатындығы баяндалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру