Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Рухани мәуліт кеші өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 01.10.2024 421 0 пікір
БҚО: Рухани мәуліт кеші өтті

Батыс Қазақстан облыстық «Ар-Рахман» мешітінің әйел ұстаздары «Ғаламның рақым нұры» тақырыбында мәуліт кешін ұйымдастырды.

Кең ауқымда өткен бұл іс-шараға БҚО бас имамы Самат Қанатқалиұлы қатысып, Алла елшісінің өсиеттері мен өнегелі өмірін баяндаса, мешіт азаншысы Асхат Асылбекұлы «Мәуліт шумақтарын» оқыды.

Мейірім төгілген мәуліт кешінде Құран дәрістерінің тұрақты шәкірті Айсұлу әжеміз Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоштасу құтпасын оқып, жамағатты ерекше әсерге бөледі. Айтулы кеште Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сағыныш хатын жазған ең әдемі хат иелері Айсалқын Шаутимова, Мадина Қазихан, Айзада Тұрсынзадақызы, Салауат айтудан Қалиева Асем, Молдабекова Жанар, Жолдығали Мөлдір есімді арулар жеңімпаз атанып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Шарада сұрақ-жауаптар мен түрлі ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға кітаптар мен заттай сыйлықтар тарту етілді.

Мәңгілік бақытқа жетелеген Қос дүние сардарының (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айының құрметіне орай өткізілген рухани басқосу көптің көңілінен шықты.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру