Павлодар облысының Павлодар ауданына қарасты Заря ауылдық округінің Жертұмсық ауылында жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті.
Мешіт құрылысы әлбетте халықтың бастамасы арқылы кәсіпкерлердің қолдауымен бой көтеріп, ресми тіркеуден өтті.
Ашылу рәсіміне облыстық орталық мешіттің наиб имамы Қанат Қабаев және Павлодар ауданының әкімі Николай Васильевич Дычко және павлодарлық құрметті азаматтар, ақсақалдар мен ақжаулықты әжелер, ауыл жамағаты қатысты. Сондай-ақ мешіт салу ісіне белсенді қатысқан көптеген азаматқа ҚМДБ, Бас мүфти атынан және облыс бас имамы атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Соңында ақ дастарқан жайылыпе ақ баталар беріліп тойға ұласқан бұл шараның барысында «Дін мен дәстүр» жобасы аясында қазақ күресі және ат бәйгесі өткізіліп, орын иеленгендерге қымбат сыйлықтар мен жүлделер берілді. Осылайша ауыл халқы жаңа мешітін жарқын көңіл күймен қарсы алды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру