Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жолболды ауылында жаңа мешіт бой көтеріп, жамағатқа есігін айқара ашты.
Екі жыл бұрын құрылыс жұмысы басталған бұл мешіттің ашылу салтанаты жуырда өткізіліп, облыс, ауданның басшылары, ауыл азаматтары, қариялар мен жамағат жиналды.
«Осы ауылдың тумасы, Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қазбекұлы бастамашы болып, ауыл халқы, қалталы азаматтар мен демеушілердің көмегімен жүзеге асқан осынау сауапты да үлкен шара барысында «Мешіт асханасы» да халық игілігіне қоса берілді.
Мешіттің ашылу құрметіне арналып қазақтың салт-дәстүріне орай ат жарысы, қазақша күрес, садақ ату жарыстары ұйымдастырылып қомақты жүлделер мен сыйлықтар табыстылды. Жарыстарға көрші облыстардан да жүйрік аттарымен қоса атан жілікті палуандар да келіп қатысты. Болашақта бұл мешіт жамағатпен көркейіп, имандылықтың ұйытқысы болған үлкен бір орда боларына сенеміз» дейді облыс бас имамы Жолдас Қопақұлы.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру