Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Уәлиев кезекті іссапармен Рудный қаласында болды. Ол жергілікті «Нұр» мешітінде жамағатпен кездесіп, жұма намазын өткізді.
Жиналған жұртшылықтың алдында осы имандылық ордасын басқарған Сабыржан Есмурзинді жемісті қызметі үшін ризашылығын білдіріп, халықтың атынан иығына шапан жапты. Сондай-ақ, жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Нұр» мешітіне бас имам болып тағайындалған Серік Рақымды таныстырып, жаңа жауапты жұмысында сәттілік тіледі.
Рудныйлықтар Серік Темірбекұлын жылы қабылдады. Ол бұған дейін Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінде басшылық етті.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру