Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында қала, аудан имамдарына 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын аяқтау жөніндегі жиыны өтті.
Облыстың бас имамы ҚМДБ-ның 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасында бекіткен тапсырмаларының орындалу есебін тыңдады. Жиын барысында Амантай Әбілдаұлы жыл қортындылауына санаулы айлар қалғанын ескертіп, 5 бағыт яғни «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бойынша жыл бойы атқарылатын жұмыстарды сапалы, тиянақты және жоспарға сәйкес жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар аталған бағыттар қашан да діни қызмет пен қоғам үшін аса маңызды екендігін айтты. Одан өзге ҚМДБ бөлім тапсырмаларына аса мән беріп, уақытылы орындау тапсырылды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру