Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ХАЛАЛ ДАМУ: БАТЫСТАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ «Халал Даму» орталығы halaldamu.kz 26.09.2024 1460 0 пікір
ХАЛАЛ ДАМУ: БАТЫСТАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді.

Бақылау-қадағалау шараларына облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы мен халалдың жергілікті өкілі Асхат Асылбеков те қатысты.

Аудит барысында, «Белес-агро» ұн және макорон өндірісі, «Батыс адал ет» қасапханасы мен «Аманғалиев» мал сою пунктінде халал стандарты талаптарының сақталуы қадағаланды. Және де өңірдегі «Hani» кондитерлік кәсіпорны, «Maida», «Al-Navat», «Жайық food» қоғамдық тамақтану орындарына «QMDB Halal» сертификаты табысталды. 

Сонымен қатар, «Орал медресе колледжі» шәкірттеріне халал турасында семинар өткізіліп, шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру