Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде әйелдер намазханасы және дәрісхана бөлмесінің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, лентасын қиды. Сонымен қатар мәуліт оқылып, жамағат алдында мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлына Алла үйінің гүлденуіне үлес қосып жатқаны үшін алғыс білдірді.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер адамдар Алланың үйлерінің ішінен бір үйде жиналып Құран оқып, оны үйренетін болса, оларға әлбетте тыныштық түседі және оларды рахымшылық бүркеп, періштелер қоршауына алады», – деген (имам Муслим). Енді мешітке келген нәзік жандылар жаңа дәрісханада Құран үйреніп, ілім ала алады.
Әйелдер жамағатындағы ақ жаулықты әжелеріміз де мешіт имамына өз ризашылығын білдіріп шапан жапты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
25.09.2024
1516
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру