Батыс Қазақстан облыстық орталық «Ар-Рахман» мешітінде әз Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне 150 адамға дастарқан жайылып, рухани шара өтті.
Рухани басқосуға БҚО бас имамы Самат Қанатқалиұлы, мешіт ақсақалдары, мешіт имамдары және жанашыр жамағат қатысты. Алдымен бас имам Самат Қанатқалиұлы мәуліт мерекесі туралы шағын танымдық уағыз-насихат айтты. Соңғы Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмір жолына тоқталды.
Сондай-ақ «Түлбаев Мухаммед-Ғариф» мешітінің наиб имамы Саят Қанатқалиұлы әуелетіп «Мәуліт жырын» оқыды. Мәуліт мерекесінің құрметіне орай жайылған дастарқан қонақтарына «Ар-Рахман» мешітінің ұстазы Талғат Мұратұлы «Пайғамбарға махаббат» тақырыбында уағыз айтып, жамағатты ғибратты оқиғаға ұйытты.
Кеш соңына қарай білікті ұстаздар тарапынан жамағатқа сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жандарға кітаптар тарту етілді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
25.09.2024
1969
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру