Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Ақыл Мизан» зияткерлік сайысы өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 24.09.2024 1564 0 пікір
Ақтөбе: «Ақыл Мизан» зияткерлік сайысы өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті және «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен «Ақыл Мизан» зияткерлік сайысы өтті.

Игі шараны Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев ашып, білім алудың, жамағатпен араласудың маңыздылығы туралы насихат айтты. 

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов, мешіт ұстазы Талғат Аманов және «Ихсан» орталығының ұстазы Бейбарыс Ізберген сайысқа қазылық етті. Зияткерлік сайыс 4 кезең бойынша өтті: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, медиа және логикалық сұрақтар.

Таласты да, тартысты сайыста Ақтөбе қалалық орталық мешітінің шәкірттері жүлделі 1 орынға ие болса,  2 орынды «Бесқоспа», ал 3-ші орынды «Әс-Сәләм» мешітінің шәкірттері иеленді. Жеңімпаздарға 1 орынға 200000 тг, 2 орынға 150000 тг 3 орынға 100000тг қаржы берілді.

Жарыс барысында көрермендерді де қуанту, білімдерін шыңдау мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Аталған шараға келген ұстаздар пайдалы ілімдерін бөлісіп, діни және зайырлы білімнің қажеттілігі жөнінде баяндады.

Шараға келген жамағат  ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру