Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Алдағы міндеттер айқындалды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 24.09.2024 1828 0 пікір
Қостанай: Алдағы міндеттер айқындалды

Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Уәлиевтің төрағалығымен өңірдегі аудан және қала имамдарына арналған жиын өтті.

Басқосуға облыстық дін істері басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов та қатысты. Ол алдымен әріптестерін қасиетті Мәуліт айымен шын жүректен құттықтады. Барша имамдардың алдында тұрған келелі міндеттерге жан-жақты тоқталды.

Таратып айтатын болсақ, тәртіптің қай қызметте болсын ерекше орын алатындығын тілге тиек етті. Имам қазіргі таңда басты тұлғаға айналу үшін оның бойында кішіпейілділік, адалдық, білімділік,, парасаттылық, тың ізденіс секілді қасиеттер табылуға тиіс екендігінің еске салды. Сондай-ақ діни рәсімдер, мешіттердің ішкі-сыртқы тазалықтарына айрықша көңіл бөлу секілді жайлар қамтылды. Имамдардың тарапынан сауалдарға нақты жауап берілді. Мұндай маңызды тақырыптарды арқау еткен жиындар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру