Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы шаһар мешіттеріне жаңадан тағайындалған жас дін қызметкерлерімен кездесті.
Алдымен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізген бас имам, үлкен жауапкершілік жүгі артылған дін қызметіне кіріскен жастарға сәттілік тіледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі қоғамның талаптарына сай жұмысын жүйелі, тиімді жүргізуде діни кадрлардың маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар ел руханиятына мүфтият ұстанымы негізінде игілікті іс атқаруға шақырды. Тәуелсіз еліміздің тұғыры мен болашағы үшін діни қызметтегі жауапкершіліктің маңызын түсіндірді.
Сондай-ақ ел руханиятына мүфтият ұстанымы негізінде игілікті іс атқаруға және діни қызметкердің этикасы мен әлеуметтік желі әдебін сақтауға шақырды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру