Өткен аптада ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар болды. Аталған семинарға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Медет Құрмашұлы арнайы келіп, дәріс оқыды.
Облыс имамдары «усулуль-фиқһ» және «хадис» бойынша қазіргі қоғамда маңызды деген түйткілді мәселелер бойынша біліктілігін арттырды. Семинарға қатысқан барлық имамға сертификат табысталды.
РАНТ мүшесі Ұлытау облысында болған екі күн ішінде Жезқазған, Сәтбаев қалалық мешіттерінде насихат жүргізді. Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде өткен Мәуліт мерекесінің құрметті қонағы болды. Медет Құрмашұлы мешіт жамағатын Мәуліт айының келуімен құттықтап, қасиетті айдың қадір-қасиеті хақында баяндады. Жиылған жамағатқа Мәуліт мерекесінің Ислам дініндегі маңыздылығы жайында көркем насихат айтты.
Пәтуа маманы іссапар барысында тек қана облыс мешіттерінде ғана емес, сонымен қатар «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі», «Ұлытау облысының полиция департаменті», «№62 түзету мекемесі», «Мамандандырылған олимпиядалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» секілді мемлекеттік мекемелерде де үгіт-насихат жүргізді. «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында насихат айтып, аудитория тарапынан қойылған біршама сұрақтарға жауап берді.
Медет Құрмашұлы сапар соңында Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді. Насихат «Исламның тірегі болған төрт хадис» тақырыбы аясында өрбіді. Жұма соңында Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы Медет Құрмашұлына алғыс айтып, сый көрсетті.























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
ahnaf.kz
23.09.2024
1833
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру