Шымкент орталық мешітінде «Көркем уағыз-насихат айту әдебі» тақырыбында қала имамдарының форумы өтті.
Имамдар форумын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып жүргізді. Басқосу аясында шаһар имам орынбасарлары Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Ахметжан Керімбек және «Сейтжан қари» мешітінің имамы Ерсін Әміре, қалалық мешіттің заңгері Бауыржан Аманжолұлы өзге де дін қызметкерлері баяндама жасады.
Жалпы форум аясында кадр әлеуметі, уағыз-насихат айту әдебі, хадистану ілімі, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану, діни сараптама жұмыстары, діни ағымдардың алдын алу, дін мен дәстүр, имамдар арасындағы Құранды жатқа айту сайысы, мешіт құжаттарын заңдастыру т.б. мәселере айтылды.
Мұнымен қатар, Бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы тарапынан жастар тәрбиесі, ізгі қоғам, діни оңалту бағыты, діни сауат ашу және уағыз-насихат, газет, журналға жазылу, кітап және баспа өнімдері, сараптама жұмыстары мен халал ісі бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді.
Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін наиб имамдар тарапынан бірқатар аудан имамдарына жұмысының салғырттығына байланысты ескертулер жасалды.

























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
23.09.2024
1454
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру