ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев «Zeket Hub» орталығы цехында әзірленген балалардың моторикасын дамытатын үстелдерді, бизиборд және логопедикалық үстелдерді Тараз қаласында орналасқан «Dara Bala» оңалту орталығы мен «Асыл мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарына сый ретінде табыстады.
Еске салсақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында еліміз бойынша 128 оңалту орталығына 500-ден астам бизиборд пен логопедикалық үстелдерді тегін таратқан болатын.
Айта кетейік, «Зекет және қайырымдылық» қорының «Dara Bala» оңалту орталығы мен «Асыл мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарына табыстаған сыйы Тараз қаласында 20-21 қыркүйек күндері өткен халал өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2024» көрмесіне қойылған еді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
23.09.2024
1614
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру