Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Зираттарды цифрландыру семинары өтті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 21.09.2024 1121 0 пікір
Ақмола: Зираттарды цифрландыру семинары өтті

Көкшетау қаласында «Qamqor Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы және «Sharapat digital» орталығының директоры Еркін Тойжанов зират қорымдарды цифрландыру бойынша семинар өткізді.

Уақыт талабына орай жаңашылдық бастамалардың бірі ретінде цифрландыру жан-жақты қолға алынып жатқанынан хабардар етті.

Дін қызметкерлерін толғандырған сауалдарға жауап берді. Атақты дін ғұламасы Науан хазірет жерленген зиратқа барып, Құран оқыды. Қорымдарды цифрландырудың үлгісін көрсетті.

Сондай-ақ «Науан хазірет» мешітінің жанынан марқұм болған кісіні соңғы сапарға шығарып салу үшін шариғат талабымен жуындырып, кебінге орап, жаназасын атқаратын ҚМДБ QAMQORSHARAPAT орталығы бөлімшесінің ресми түрде ашылуы өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру