Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Жылыой ауданында Құран жарысы өтті

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 21.09.2024 720 0 пікір
Атырау: Жылыой ауданында Құран жарысы өтті

 

Жылыой аудандық мешітінің ұйымдастыруымен Атырау облысы бойынша «Құран жарысы» өтті.

Құран жарысқа қала, аудандардан 23 үміткер қатысты. Үміткерлер Құранның 5 парасын жатқа оқудан өзара сынға түсті. Жарыс соңында Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жеңімпаздарды арнайы сыйлықтармен марапаттады.

«Алла Тағала қасиетті кітабында: «Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер», –десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз. «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кеудесінде Құраннан еш нәрсе болмаған адам қаңырап тұрған үйге ұқсайды», – деген» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Бас жүлдені «Кіші қажылық» сертификатын «Береке» медресесінің шәкірті, атыраулық Асатбек Мұратұлы жеңіп алды. 1-орын Әділгерей Нұрбек (150.000 т), 2-орын (100.000 т) және 3-орын (50.000т) орынды Элназар Арифжанұлы мен Халид Бейбітбекұлы жеңіп алып, қаржылай сертификатпен марапатталды. Үздік он қатысушыға ынталандыру сыйлығы берілді.

Жарыс соңында осы шараның өтуіне себепші болған «Арын» оқу орталығының басшысы Еркін қажы Арынұлына «Алғыс хат» табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру