ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Жамбыл облыстық «һибатулла Тарази» мешіті ұжымымен кездесті.
Жиынға Жамбыл облысының бас имамы, «һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Бейбіт Әліпбекұлы мен жергілікті дін қызметкерлері қатысты.
«Бүгін Тараз қаласында халықаралық деңгейдегі халал өнімдер көрмесі өтуде. Бұл – сіздердің діннің әр саласын кеңінен қамтып, соның ішінде халалды жетік насихаттап, халыққа таныта білгендеріңіздің анық көрінісі. Алдағы уақытта да Алланың дінін насихаттап, ақпараттық-ағартушылық бағытындағы жұмысты жандандыра беріңіздер», – деді Кенжәлі Қоңыратбайұлы.
Сонымен қатар, наиб мүфти діни басқарма тарапынан бекітілген тапсырмалардың орындалу барысымен танысып, жергілікті өкілдіктің жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарып жатқанын атап өтті.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
21.09.2024
1716
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру