
ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлының Маңғыстау өңіріне іссапары барысында «Көркем әлем» ет комбинатында аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау шараларына жергілікті өкіл Іздібай Бегенұлы да қатысты.
«Көркем әлем» ет өңдеу және ет өнімдерін даярлау комбинаты – Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Ет комбинаты заманауи құрал-жабдықтармен, соңғы техникалық аппараттармен жабдықталған. Сонымен қатар, жұмыс барысы әлемдік стандарт талаптарына негізделіп, толықтай автоматтандырылған. Өндірістің санитарлық тазалығы өте жоғары деңгейде. Қасапшылар ірі малды бекітілген халал стандарты талаптарына сай бауыздап, еттерін өңдеуде. Дайын өнім кәсіпорынның ет дүкеніне жіберіледі. Ет өнімдерін тасымалдау, сату барысында да шариғат және стандарт талаптары толықтай орындалуда. Аудит нәтиже оң нәтиже көрсетті», – дейді Айбек Асқарбекұлы.
Сондай-ақ сапар барысында Түпқараған ауданында орналасқан «Ақтау-Агро» кәсіпорнының «Каспий құс» фабрикасында айлық аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті өкіл Іздібай Бегенұлы орындады.
Маңғыстау облысындағы бройлер тауықтарын өндіретін бірден-бір ірі құс фабрикасы – «Ақтау-Агро». Құс фабрикасы 3 үлкен алаңнан тұрады: инкубатор алаңы, құс қорасы, ғылыми зертхана мен ветеринарлық пост бар. Аудит барысында құс фабрикасының «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, сақтауға тасымалдауға және сатуға қойылған жалпы талаптар стандартын» толықтай сақтайтыны анықталып, тексеріс оң нәтиже көрсетті», – дейді жауапты маман.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру