Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Кәсіпорындарда айлық аудит жүргізілді

halaldamu.kz 10.09.2024 1006 0 пікір
БҚО: Кәсіпорындарда айлық аудит жүргізілді

ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша жауапты өкілі Асхат Асылбеков пен технолог Ақмаржан Ержанқызы өңірдегі сертификатталған кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді. 

«Аудит барысында «Жайық ет» құс фабриксы, «Ет өнімі», «Колбасный цех Приуралья» шұжық цехтары, «Happy cake», «Динара тәттілері», «Hani» кондитерлік цехтары, «Маида», «Zhan cafe», «Макс Плов», «Navat», «Miras tower», «All off burger» т.б өңірдегі барлық кәсіпорындар тексерілді. Тексеріс барысында өндіріс кезеңдерінде бекітілген халал стандарты талаптарының сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде оқу-семинар өткізіліп, сұрақтарына жауап берілді.

Аудит қорытындысы бойынша, кәсіпорындар қызметі мен өнімдерінде халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Кәсіпорын өнімдері толықтай «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай», – деп хабарлайды жауапты маманымыз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру