Алматы қаласының Медеу ауданында Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың салуаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мәуліт айының құрметіне қайырымдылық шара өтті.
Қасиетті ай құрметіне арналған қайырымдылық шарасында Медеу ауданына қарасты мешіттердің атсалысуымен «Көктөбе» қарилар дайындау мекемесі, «Әбу-Ханифа» медресесі және «Әс-Сығанақи» ижаза орталығына азық-түліктер салынған қораптар тарту етілді. Сауапты іске ұйытқы болған дін қызметкерлеріне алғыс айтылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
10.09.2024
2257
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру