Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» семинары өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 10.09.2024 2108 0 пікір
Тараз: «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» семинары өтті

Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенованың ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері мен жергілікті ұстаздарға арналған «Әйел адамның әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда Зейнеп Үсеновамен қатар Бекназарова Жайна, Иманалиева Жазира ұстаздар да шәкірттерге әлеуметтік желіні қолдану әдебі жөнінде насихат айтты. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына мешіттегі сауат ашу курстарына 121 шәкірт қабылдады.

«Қазіргі таңда смартфон, гаджеттер айнымас серігімізге, ал әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Біріміз қажеттілікпен, кейбіріміз көптен қалмайын деп тіркеліп, құрылғының бетін ғұмырымыздың айнасы етіп үлгердік. Біреудің күнкөріс кәсібіне, енді біреудің ермегіне айналған желілерді қолдануға әйелдер қауымының әдептіліктен аттаған кездеріне де куә болудамыз», – деген ұстаздар Жаратушы алдында әлеуметтік желідегі сөздеріміз бен іс-әрекеттеріміз үшін де жауап беретінімізді ұмытпауымыз қажеттігін еске салып, жақсылықта ғана жарысуға шақырды.

Семинар соңында ақжаулықты аналар дәстүрден алшақ кетпей, қазақтың қыздары ибалылық, әдептілік, тектілікті бойына терең сіңіргені жөн деп жас буынға жол көрсетті. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру