Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Халал Даму» өкілдері аудит жүргізді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 10.09.2024 2306 0 пікір
ШҚО: «Халал Даму» өкілдері аудит жүргізді

Шығыс Қазақстан облысындағы халал сертификатын алған кәсіпорындарға ҚМДБ «Халал Даму» маманы Мейіржан Бауыржанұлы мен өңірдегі жауапты өкіл Қуаныш Қасымханұлы аудит жұмыстарын жүргізді.

«Шығыс Қазақстан облысы – ірі индустриялық, халал кәсіпорындардың шоғырланған өңірі. Өңірдегі кәсіпорындарға Халал стандарт талаптарын сақтау бойынша бақылау жасалды. Аудит барысында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді» – деп атап өтті «Халал Даму» маманы Мейіржан Бауыржанұлы.

Аудит аясында «Восток Молоко», «Эмиль» сүт өнімдері зауыты, «Айтас-МП» шұжық цехы, «Өскемен құс фабрикасы», «Iskender Mangal», «Panda Lamian», «Jan Sushi», «Jastaban», «Altyn Sandyq», «Qaimaq» қоғамдық тамақтану орындары қамтылып, тексерілді.

Сонымен қатар «Халал даму» өкілдері Өскемен қаласында орналасқан «САФИН К» ет дүкеніне  «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай ет дүкені өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

 «Қазақ халқы қашан да астың адалдығына мән берген халық. Соның ішінде, еттің таза әрі халал болуы – тұтынушылар үшін аса маңызды», – дей келе, «Халал» маманы ет дүкені иесіне сертификат табыс етіп, кәсіптеріне береке тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру