ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлік-ынтымақты арттыру мақсатында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты басқосу болып, оған облыстың бас имамы Амантай Садиев қатысты.
Ізгілікке жол бастар кездесуде «Асыл дініміз мұсылмандардың өзара туыс екенін айтып, береке-бірлікте болуын міндеттейді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әнбия» сүресі, 92-аятында: «Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық етіңдер», – деп бұйырған.
Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «Бірлік болмай тірлік болмас», «Бірлік түбі – береке», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш ол – күншілдік, іштарлық, араздық. Халқымыз мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған», - деді Амантай Әбілдаұлы.
Сонымен қатар бас имам қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты сақтау үшін бауырмалдық ақыларды орындау, екіншіден береке мен бірлікке нұқсан келтіретін істерден сақтану керек, үшіншіден өзара сыйластықта болу, төртіншіден өзге адамдарға зиян тигізбеу керектігін айтты.
Айта кетсек, басқосуға 200-ге жуық адам қатысты.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
09.09.2024
2335
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру