Бүгін Алматыда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алатау аудандық «Бекет ата» мешіті мен Жетісу аудандық «Әл-Мадина» мешіттеріне жаңа имамдар тағайындауы бойынша бұйрығы жамағатқа таныстырылды.
Жұма намазынан соң Төлеби Дәділұлы жамағатқа Бас мүфти бұйрығымен Алматы қаласы Алатау аудандық «Бекет ата» мешітіне бас имам болып тағайындалған Ержан Базарбайұлын таныстырды. Ержан Есім бұған дейін Алатау ауданына қарасты «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы қызметін атқарған. Ал, бұған дейін аталмыш мешіттің бас имамы болған Амантай Әбілдаұлы Ақтөбе облысының бас имамы қызметіне ауысқан болатын. Оған алғыс хат беріліп, қазақи дәстүр бойынша иығына шапан жапты.
Сондай-ақ осындай бұйрықпен Жетісу аудандық «Әл-Мадина» мешітіне бас имам болып тағайындалған Мұхаммеджан Қыдырқожаұлы да таныстырылды. Осы мешітте бұған дейін ұзақ жылдар қызмет атқарған Бақытжан Жаңбырбайұлына алғыс хат беріліп, қазақи дәстүр бойынша иығына шапан жабылды.
Мешіт ақсақалдары ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға етіп, бата жасады. Жаңадан тағайындалған әріптестерімізге сәттілік тілейміз.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
06.09.2024
2581
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру