ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында Астана қаласында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларда талма (эпилепсия) ауруын алдын алу бойынша тегін тексеру (скрининиг) өткізілді.
Жоғары санатты дәрігер, балалар неврологы, эпилептолог Динара Сұлтанбаева балаларға дәрігерлік кеңесін берді.
Еске салсақ, бұған дейін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «NEURO VIVO» медициналық орталығы ынтымақтастық туралы меморандум жасасқанын хабарлағанбыз. Бұл меморандум аясында шалғай ауылдардағы аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларда талма (эпилепсия) ауруын алдын алу, емдеу бойынша тегін тексеру (скрининиг), дәрігер кеңесі берілетін болады. Осыған орай, жақында дәрігер Динара Сұлтанбаева Жамбыл облысы Жуалы ауданында аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды тексерген болатын.
Қайырымдылық шарасы енді міне елордамыз Астана қаласында өз жалғасын тапты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
06.09.2024
2542
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру