Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы №59 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен жалпы профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесуге РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы, Тараз қаласының бас имамы Ержан Маханұлы және Жамбыл облысына бойынша оңалтуға жауапты Асқар Зәкіржанұлы да қатысып, уағыз-насихат жүргізді.
«Діннің қоғам үшін алар орны ерек. Себебі, бейбіт өмір сүру қоғамның басты қағидасы. Бұл үшін әр адамда сенім болады. Сенім бұл – дін. Алайда бүгінгі күні жалған сенімнің арқасында, дін атын жамылып теріс әрекеттер туғызатын ағымдар пайда болды. Еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады», – деген Бейбіт Әліпбекұлы түзету мекемесінде жазасын өтеушілерге дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны, жат ағымдардан сақтану жолдары, деструктивті ағымның қоғамдағы зардабы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру