
Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев Мұғалжар ауданына арнайы барған жұмыс сапарында өңірдегі мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.
Амантай Әбділдаұлы ауданның бас имамы Мұхаммедисмаил Шадманның атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады.
Сондай-ақ Қандыағаш қаласындағы аудандық Нұртай мешітіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының жай-күйін бақылады. Онда жүріп жатқан құрылыспен жіті танысып шықты.
Облыстың Бас имамы сапар аясында Жұрын ауылындағы «Хайрулла» мешіті мен аудандық «Нұртай» және Қандығаш қаласындағы «Кадірәлі» ата мешітіне арнайы барып, тазалығына назар аударып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстарын тексерді. Одан өзге мешіттің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.
Сонымен қатар осы сапар барысында бас имам Амантай Садиев аудан әкімі Дархан Ермағанбетовпен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы өңірдегі діни ахуалды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен таныстырды. Сонымен қатар облыстың бас имамы жаңа қызметіндегі алғашқы жұмыс сапарын Мұғалжар ауданынан бастағандығын айтып, алдағы жоспарларын бөлісті.
Одан өзге дін қызметкерлеріне қолдау білдіру мәселелері талқыланды. Амантай Әбілдаұлы жат ағымның алдын алу мәселерінда жастардың иммунитетінін қалыптасыру туралы айтты.
Аудан әкімі өз кезегінде облыстың бас имамына қызметіне сәттілік тілеп, бірлесіп жұмыс атқарып, барынша қолдау көрсететіндігін білдірді. Облыс бас имамы «Мүфтият» баспасынан шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын аудан әкіміне сыйға тарту етті. Кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды бірлесе атқаруды жалғастыратынын мәлімдеді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру