Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Бас имам медресе шәкірттерімен кездесті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 06.09.2024 2561 0 пікір
Шымкент: Бас имам медресе шәкірттерімен кездесті

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы «Шымкент» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті. 

Жаңа оқу жылының алғашқы басқосуына «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, «Ясауи дүниесі» түркі діни кітаптарды оқыту орталығының жетекшісі, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, оқу ордасының Жастар ісі жөніндегі орынбасары Бейбіт Битебаевтар қатысып, студенттерге сәттілік тіледі.

Шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы шәкірттерге білім алудың артықшылығы мен пайдасы туралы дәріс оқыды. Сонымен бірге кездесуде барлық шәкіртті жаңа оқу жылымен құттықтап, қасиетті Құран Кәрім кітабын табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру