Ақтөбе қалалық орталық мешітінде облыс бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен қала имамдарына арналған кезекті жиналыс өтті.
Жиын барысында Амантай Әбілдаұлы ҚМДБ бекіткен 5 бағыттың бірі – «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, жарты тоқсанда атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.
Облыстың бас имамы жұмыс жоспарын және оның жүргізілу барысын ортаға салып, имамдармен бірге талқылау жүргізді. Сонымен қатар алдағы тоқсандық жұмыстарды пысықтады.Түзету мекемесінен бөлек, еркіндікте жүрген жат ағым өкілдерімен жұмыс істеу, оны жүргізудің әдіс-тәсілдері сөз болды.
Бас имам өз сөзінде қалаға көп мән беру керектігін, оның ішінде жастардың дін ұстанудағы сенім мәселесіне басымдық беру керектігін айта келе, жат ағым топтарының көшбасшыларымен жұмыс жүргізу қажеттілігіне назар аудару керегін атап өтті.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
04.09.2024
1780
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру