Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қожа Ахмет Ясауидің даналық сөздері» кітабы жарық көрді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 04.09.2024 2727 0 пікір
«Қожа Ахмет Ясауидің даналық сөздері» кітабы жарық көрді

ҚМДБ жұмысының «Дін мен дәстүр» бағытын жан-жақты насихаттау мақсатында Шымкент қаласы бас имамының орынбасары, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтің «Қожа Ахмет Ясауидің даналық сөздері» атты кітабы жарық көрді. 

Аталмыш еңбек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында Ихсан ілімін насихаттау мақсатында әзірленді. Кітапқа ясауитанушы-ғалым, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті Философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай арнайы пікір жазған. 

Түркі даласының төл перзенті, Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық мектебінің көрнекті өкілі, ғұлама, әулие бабамыз  Құл Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығы, «Диуани Хикмет» кітабында айтылған даналық сөздері қысқа-нұсқа түрінде алынды. Кітапта өмірде не нəрсе құнды, неден қашу керек, неге асығу керек деген құнды сөздері енгізілген. Кітап көпшілік қауымға арналған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру