Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Ақтөбе облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді.
Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті жауапты өкіл Алмат Амангелдіұлы мен технолог Ақмаржан Ержанқызы да қатысты.
Аудит аясында «Дала елі» қасапханасы, «Рокос» шұжық цехы, «Айс», «Milk Land» сүт зауыттары және де бірқатар тамақтану орындары мен фаст-фуд желілері, ет дүкендері секілді кәсіпорындар жұмысы қадағаланды. Өндірістегі шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, бекітілген стандарт талаптарын сақталуы, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудит қорытындысы оң нәтиже көрсетті.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Халал Даму» орталығы
halaldamu.kz
02.09.2024
1741
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру