Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сектор меңгерушісі – Ұлытау өңірінде

Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ahnaf.kz 31.08.2024 1964 0 пікір
Сектор меңгерушісі – Ұлытау өңірінде

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай Ұлытау облысынының жастарымен кездесіп, бірқатар шараларға қатысты.

Алдымен Ұлытау облыстық дін істері басқармасы мен мешіт жамағаты арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс бірлік пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтті. Марапаттау рәсіміне қатысқан Бағжан Ерболатұлы ҚМДБ атынан айрықша сәлем жолдап, ойыншыларға 5 номинация бойынша жекелей сыйлықтар табыстады.

Бұдан кейін сектор меңгерушісі Сәтбаев қаласының мешіт жамағатымен жүздесті. Бұл ұйымдастырылған іс-шарада Бағыжан Ерболатұлы «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Дәстүр және жастар» тақырыптарында насихат айтып, мешіт жамағатына викториналық сұрақтар қойып өтті.

Сондай-ақ Жезқазған және Сәтбаев қалалары ардагерлер кеңесінің мүшелері, дін өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының қатысуымен «Қоғамдық сананы жаңғырту үдерістеріндегі дін мен діни мәдениеттің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Осы іс-шараға спикер ретінде қатысқан ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау бағытында жасалынған шаралар мен өзекті жастар арасындағы мәселелерге тоқталды. 

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар дін саласындағы заңнаманы жетілдіру мен жастар арасында рухани құндылықтарды кеңінен насихаттауды ұсынды. Сонымен бірге жат діни ағымдардың қоғамдағы теріс ықпалы мен теріс діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру