Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: QAMQOR-SHARAPAT орталығының семинары өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 30.08.2024 1854 0 пікір
БҚО: QAMQOR-SHARAPAT орталығының семинары өтті

Орал қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының семинары өтті.

Жиынға орталық директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, облыс бас имамы Самат Қанатқалиұлы, «Sharapat-Digital» ЖШС директоры Е.Тойжанов, БҚО Дін істері басқармасының басшысы А.Қаратай, абаттандыру секторының бас маманы М.Шамуратов,  Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Тыныштыкалиев, қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары А.Джалмуханов және жергілікті мешіт қызметкерлері мен ақсақалдар қатысты.  

Семинарда Мейрамбек Қабылбекұлы жергілікті БАҚ өкілдері мен дін қызметкерлеріне мазарларды электронды қосымшаға тіркеудің мән-жайын түсіндірді. Дүниеден өткен жақын адамдарыңыздың жатқан жерін мобильді қосымша арқылы табу қызметі заман талабы екенін және биылғы жыл соңына дейін барлық облыс орталықтарындағы зираттарды цифрландыру, зираттар туралы деректерді орталықтандыру жоспарда екенін атап өтті.

Ал жергілікті органның мамандары болса аталмыш жобаның Батыс өңірінде жүргізілуіне өз құзыреттері шегінде қолдау көрсететіндерін білдірді.

Кездесу барысында бейіттердегі деректерді анықтап, оны ортақ базаға енгізу жұмыстары әрбір мешіт қызметкерлеріне тапсырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру