Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев жергілікті «Аqtobe» телеарнасында қонақ болып, «Дін мен дәстүр» бағдарламасына сұхбат берді.
Бағдарлама барысында облыстың бас имамы өңірдің дін саласындағы өзгерістеріне тоқталды. Алдағы жоспарларын бөлісті.
Сонымен қатар дін мен дәстүр құндылығы аясында ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымыз, төл мәзһабымыз, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды туралы баяндап өтті.
«Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның. Салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргесі – берік, келешегі – кемел болмақ», - деді Амантай Әбілдаұлы.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
30.08.2024
1999
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру