Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Әке тақырыбында кездесу өтті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 30.08.2024 1859 0 пікір
Ақмола: Әке тақырыбында кездесу өтті

Ақмола облыстық «Қоғамдық келісім» үйінде «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында кездесу өтті.

Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде анаға ерекше ізгілік көрсету жайлы айтылады. Бірақ, бұл әкенің орны ойсырап тұр деген сөз емес. Отбасының иесі – әкенің де жанұя тәрбиесіндегі орны аса маңызды. Аталмыш сұхбаттасу жиынында осы тақырып қаузалды.

Ақмола облысының әкелер одағының төрағасы Ерлан Зәкірянов кіріспе сөзбен ашып, кездесудің тағылымы жайлы айтты. Одан кейін сөз алған мүфтияттың «Ізгі қоғам» бағытына Ақмола облысы бойынша жауапты маман, «Науан хазірет» мешітінің ұстазы Сәкен Бағдатұлы ұлттық құндылықтар мен шариғат дәстүрлерінің біте қайнасқанын әңгіме өзегіне айналдырды.

Одан әрі шара қатысушылары өзара пікір алмасты. Ойларын бөлісті, ұсыныстар айтты. Соңынан әкелер одағының марапаттары табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру