Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлытау: «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті

Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ahnaf.kz 30.08.2024 1789 0 пікір
Ұлытау: «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті

ҚМДБ Жастар ісі секторының тапсырмасына сәйкес Ұлытау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті.

Айтулы шараны Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы жүргізіп, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Зияткерлік ойынына облыстың әр аймағынан командалар қатысты. Білім сайысында  дін мен дәстүр, шариғат, тарих, әдебиет, т.б. бағыттар бойынша ауқымды сұрақтар  қамтылды.

Зияткерлік сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Жансарин мен сектор меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру