ҚМДБ Маңғыстау облысы өкілдігінің бастамасымен Ғұламалар кеңесі жариялаған пәтуаларды насихаттауға байланысты «Қазіргі қоғамдағы пәтуа берудің әдіс-тәсілдері мен жауапкершілігі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинарға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Бауыржан Әбдуәлі мен Медет Құрмашұлы, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысып, аудан, қала имамдарына пәтуаларды насихаттаудың маңызын түсіндірді.
Семинарда пәтуа берудің әдіс тәсілдері, заманауи мәселелерге пәтуа берудің дұрыс жолы мен әдебі қатарлы мәселелер қаралып, кейбір пәтуалар талқыланды. Жиында аудандық, қалалық мешіттердің бас имамдары пәтуаға жауапты мамандарға сауалдарын қойып, жауап алды. Пәтуаның өзектілігі айтылып, насихат шараларына арналған алдағы жоба-жоспарлар ортаға салынды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
29.08.2024
2094
0 пікір






+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру