Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Бас имам алғашқы жиынын өткізді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 28.08.2024 2334 0 пікір
Ақтөбе: Бас имам алғашқы жиынын өткізді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында өңірге жаңадан тағайындалған бас имам Амантай Садиевтің төрағалығымен қала имамдарына жиналыс өтті.

Басқосу барысында Амантай Әбілдаұлы Ақтөбе қаласының дін қызметкерлерімен жіті танысты. Сонымен қатар ҚМДБ бекіткен 5 бағыт яғни «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Одан өзге Діни басқармадан, өкілдіктен келген барлық қызметке аса мұқияттылықпен, уақытылы орындау талап етілді.

Айта кетсек, Амантай Садиев өткен жұмада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе облысының бас имамы қызметіне тағайындалған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру