Бұл туралы Атырау облысына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPАТ» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы баяндады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен муфтияттың жанынан құрылған «QAMQOR-SHARAPАТ» салттық қызмет көрсету орталығының мақсаты – жаназа және жерлеу рәсімдерінің заң мен шариғат талаптарына сай жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесі 2020 жылы қабылдаған "Зират және зиярат мәдениеті" құжаты аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
2024 жылдың басынан бастап еліміздегі зираттарды цифрландыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ондағы мақсат - қайтыс болған адамдардың аты-жөнін базаға енгізу, зираттар туралы деректерді орталықтандыру, жерлеу үшін бөлінетін жер телімінің реттілігін сақтау, қайтыс болған кісіге қажетті құжаттарды ортақ база арқылы рәсімдеу жоспарда. Сондай-ақ қабірге белгі ретінде зәулім күмбездер тұрғызудан арылып, қарапайымдылық қағидасын сақтай отырып жалпыға ортақ бірізділік мәдениетін қалыптастыру.
Соңғы кездері ата-бабаларының қайда жерленгенін білмей, іздеу салып жатқан ұрпақтар бар. Зираттар базасын құру осындай іздеу жұмыстарын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл қызметті еліміздегі ғана емес, шет мемлекеттердегі азаматтарда қолдана алады.
Жылдың аяғына дейін еліміздегі барлық облыс орталықтарындағы зираттарды цифрландыру жұмыстарын аяқтап ортақ базаны іске қосу жоспарлануда. Келесі жылдан бастап, аудандар мен ауылдардағы зираттарда қамтылатын болады.
Атырау облысы – салттық қызмет көрсету орталығының қызметін толықтай цифрландыру бағытында жұмыстар атқарылып жатқан 12-аймақ.
Заң бойынша, еліміздің кез келген азаматы қайтыс болған жағдайда, мемлекет жерлеуге алты шаршы метр жер учаскесін тегін беру құқығына кепілдік береді. Жерлеуге жер бөлу үшін қайтыс болғаны туралы медицинамен куәландырған құжат /қайтыс болғаны туралы тіркеуші органнан берілген куәлік/ негіз болып табылады. Марқұмның құрметіне арнап салынатын зират құрылысы сол бөлінген жер көлемнен аспауы керек.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
28.08.2024
1796
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру